Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірінші кезекте Алматы облысының прокуроры болған Ғабит Төреұлы Миразовтың 5 жылда атқарған жұмысына оң баға беріп, ортақ мүддеге жету мақсатында бірлесе атқарған еңбегі үшін алғысын білдірді.
Отырыс барысында Ерлік Әбдірақымұлы жаңадан тағайындалған облыс прокурорының іскерлік, кәсіби және адами қасиеттеріне жекелей тоқталып, оның прокуратура саласында ұзақ жылдар бойы еңбек өтілінің барын және бұл лауазымды алып жүруіне толықтай білімі мен біліктілігінің жететіндігін атап өтті.
Ескерте кететін болсақ, бұған дейінгі Алматы облысының прокуроры болған Ғабит Миразов Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды.