Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, №5 УПБ-н учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында үй-үйді аралаған.
Рейд кезінде Атырау қаласы Жарбосынов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерінен жезөкшілікпен айналысып жүрген екі әйел табылған.
Олар - Алматы облысының тұрғындары.
Қос азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабы 1 бөлімі (белгіленбеген орында табыс табумен айналысқан) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Екеуі Атырау облысы полиция департаментінің профилактикалық есебіне тіркелді.