Алматы облысынан Парламент Сенатының депутаты сайланды - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрлан Қылышбаев Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Бұл туралы ҚР ОСК сайтында хабарланды.

ҚР ОСК сайтында 2016 жылғы 1 шілдеде Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері жария етілді.

«Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевқа 288 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар  дауыстарының 88,89 пайызы берілді; Ермек Тоқтарбекұлы Мұжиқовқа 35 дауыс  немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 10,80 пайызы берілді», - делінген хабарламада. 
Еске сала кетсек, депутатты сайлау 1 шілдеде Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс мәслихаттарының бірлескен отырысында өткізілді.