«11 күннің ішінде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 159 фактісі тіркелді. Оның 109-ы заңсыз аң аулау, 20-сы балық аулау, 24-і ағаштарды кесуге қатысты фактілер», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бағдат Әшімов.
Ведомствоның мәліметінше, аталған істердің 8-і бойынша қылмыстық өндіріс қозғалған.
«Браконьерліктің алдын алу іс шарасы барысында 870 келі заңсыз ауланған балық, екі қайық, құжаты жоқ 5 аңшы мылтығы тәркіленді», - деп толықтырды Б. Әшімов.