Ұлт жоспарының 60-қадамы ауылда кооперацияны дамыту арқылы сүт өндіру және өңдеуге стратегиялық инвесторлар тартуды көздейтіндігін айтқан өңір басшысы: «Облыста 680 мың тонна сүт өндіріледі. Оның 85 пайызы жеке аула шаруашылықтарына тиесілі және сүт зауыттары сапалы шикізат тапшылығына тап болуда», - деді.
Әкім дерегіне сәйкес облыста бұл салада «FoodMaster» және «Danone» екі трансұлттық компаниялар жұмыс жасайды. Алакөл ауданында «Қайыңды» ЖШС-мен бірге 2,4 мың басқа заманауи сүт-тауарлық фермаларының құрылысына және қуаты тəулігіне 100 тонна болатын сүт өңдеу зауытының құрылысына Германиядан «Agrial» инвесторы тартылған. Қазіргі уақытта бес гектарда алаң дайындалды, құралдар мен ірі қара мал жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілді.
«Ырыс» бағдарламасы бойынша 1000 басқа 9 СТФ құру жоспарлануда, оның біреуі белоруссиялық «СтройАгро» компаниясының жобасы бойынша Көксу ауданында «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен құрылады. Барлығы 10 сүт-тауарлық ферма салынады», - деді А.Баталов.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, Іле ауданында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша 24 шаруа қожалығын біріктірген 1480 басқа кооператив құрылды. Қаратал ауданында «Үштөбе Айдын» сүт зауытының айналасында алты сүт қабылдау пункттері ашылды, олармен 30 шаруашылық жұмыс жасайды.
«Нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтардан шикізатты жеткізу 15-тен 20 пайызға артты, сүт өндірісі - 8,3 мың тоннаға артып, 688,2 мың тоннаға жетті, сүт зауыттарын жүктеу - 75-тен 81 пайызға өсті», - деді өңір басшысы.