"2000 жылғы бала досымен бірге Қаратал өзенін кешіп өтпек болған. Сол сәтте оқушыларды су ағызып әкеткен. 2 жасөспірімнің бірі судан әрең шығып, аман қалды. Ал екінші өзеннің қатты ағысына қарсы тұра алмаған. Жоғалған бала Қаратал өзенінен табылды", - деді Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.
Оқиға кеше кешкісін сағат 20:00 шамасында болған. Іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тек сағат 13:00 де яғни, бүгін жоғалған баланың мүрдесі табылды. Іздестіру жұмыстарына мұғалімдер де жұмылдырылды. Өзенге ағып, артынша денесі табылған бала Ескелді ауданындағы Қаратал ауылындағы мектептің 10 сынып оқушысы.