Шараның алғашқы күнінде әр түрлі қаруы бар 1701 азамат тексерілді. 115 қару иесінің лицензиясы мен рұқсат құжаттары дұрыс болмай шықты. Қару-жарақты заңсыз сақтаудың 6 фактісі анықталып, оның екі жағдайында, яғни Қарасай ауданы мен Қапшағай қаласында қылмыстық іс қозғалды.
Қару сақтаудың тәртібіне мән бермей ереже бұзған 111 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері байланыссыз қалған 15 қару иесінің мекен-жайын нақтылады.
«Қару» алдын алу шарасының қанша күнге жалғасатыны әлі белгісіз.