Тілсіз жау сағат 18.30-да ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы, «Шелек орман шаруашылығы» ММ-нің 25 адамы мен 9 техникасы, «Қызыл Жиде» мемлекеттік табиғат қорғау мекемесінің 5 маманы мен 2 техникасы, «Манул» аңшылық шаруашылығының 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 100 га құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
09:33, 02 Сәуір 2013
Алматы облысында 100 га аумақта шабынды шөп өртенді
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысында дүйсенбі күні сағат 10.50-де «Охоньково» шатқалындағы «Шелек орман шаруашылығы» ММ аумағында Іле өзенінің бойындағы шабынды шөп (қамыс) пен бұталар жана бастады, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.