Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі
Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап келесі шектеу шараларын енгізу жоспарланып отыр:
Бұған дейін қабылданған шаралардан басқа, қосымша:
- банкет залдары;
- театр, кинотеатрлар;
- облысаралық/қалаларалық/ауданаралық тұрақты емес (туристік) автобустар (микроавтобус) тасымал қозғалысы,
- облысаралық (қалаларалық) ауданаралық тұрақты автобустар (микроавтобус) қозғалысы,
- спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге,
- білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер,
- мәдениет нысандары (мұражайлар, Мәдениет үйлері, концерт залдары және т.б.),
- Құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа, аумағы 2000 шаршы метрден көп, азық-түлік сатпайтын (бөлек тұрған) дүкендер қызметіне тыйым салынады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.