Елге кіргізуге тыйым салынған және жойылатын жүк Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері контрабандалық тауарды түгендеп жатқанда анықталған.
Оны жою жөнінде шешім қабылданды.
Хаттамадан кейін 12 тонна көлеміндегі барлық жүк «Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор» ЖШС аумағында жойылды.