Бүгін Алматы облысындағы барлық білім шаңырағында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Полицейлер мерекелік көңіл-күйдің бұзылмауына барынша үлес қосып, оқушылардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге тырысып бақты.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір бойынша 1300-ден астам тәртіп сақшысы мектеп маңындағы жолдарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде қызмет атқарды. Биылғы оқу жылында қосымша 130 ақпараттық-ескерту белгілері орнатылып, жолдарға 36 жасанды кедергілер төселді.
«Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағына оқушылардың 140-қа жуық макеті қойылды. Макеттер көлік жүргізушілерінің қырағылығын арттырып, жылдамдықты төмендетіп, сақ жүруіне ықпал етуде», - дейді ведомство өкілдері.