Судың арнасының асуы салдарынан Қырғауылды ауылындағы саяжай учаскелерін - «Ақсай-19», «Торпеда», «Труд», «Полет», сондай-ақ облыстық маңызы «Алматы-Жандосов» тасжолының 23 шақырымын су алды.
Су тасқыны болған жерлерде Алматы облыстық ТЖД жедел тобы, Қарасай аудандық ТЖБ қызметкерлері (4 адам мен 1 техника), Өрт сөндіру қызметі мен ТЖД апаттық-құтқару жұмысы (20 адам, 3 техника), ТЖД Жедел-құтқару жасағы (32 адам, 3 техника, 4 жүзу құрылғысы), жергілікті атқарушы органы (31 адам, 5 техника), Үшқоңырригация (6 адам, 2 техника), Қарасай аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдем қызметінің 2 бригадасы, Қарасай аудандық АІІБ (8 адам, 2 техника) жұмыс жасап жатыр.
Алматы облыстық ТЖД-да облыстық ТЖД бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Д.Е.Байсариев бастаған жедел штаб құрылды.
Қырғауылды өзенінің арнасын тереңдету жұмыстары жүргізіліп, АІІБ қызметшілері Алматы-Жандосов тасжолы учаскесінің екі жағын қоршады жәнк Қырғауылды өзені өтетін тасжолдың көпірін тазартты. Өзеннің суды өткізу мүмкіншілігі 2,8 текше метр, факт бойынша - 4 текше метр.
Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су басты, сондай-ақ «Ақсай-19», Яблочная көшесі №18 мекенжайында орналасқан 50 балаға арналған «Бота балалар орталығы» балабақшасы су астында қалды.
Құтқарушылар 2 адамды эвакуациялады. Су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін Қырғауылды ауылындағы Ушинский атындағы орта мектепте 50 орын, 2 автобус дайындалды. Алайда, тұрғындар эвакуациялаудан бас тартуда.
28 сәуір күні сағат 07.00-де су тасқыны болған орында саяжайдарды аралап шығу үшін үш бағыттағы үш топ құрылды.
Зардап шегушілер жоқ.