Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктіден болған оқиғаның мән-жайы сұрастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйдің пәтерінен мәйіт табылған болатын. Қайғылы жағдай 1 сәуір күні болды. Қаскөйді ұстау жүмыстары 3 сәуірге дейін жалғасты. Кей ақпарат көздеріне қарағанда, бойжеткенді өзінің жездесі өлтіруі мүмкін. Алдымен зорлап, артынша өлтіргенге ұқсайды. Қазір аталған жантүршігерлік жағдай бойынша сот-медциналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу шараларын Қарасай аудандық ІІБ полицейлері жүргізуде.
15:49, 03 Сәуір 2017
Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды. Қазір 1982 жылғы азамат темір торға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.