Алматы облысында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қараша күні кешкісін Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 394 шақырым қашықтықта жел сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жел сілкінісінің ошағы - Қытай аумағында. Дүмпудің энергетикалық класы - 13.2. Магнитудасы - MPV 5.9. Эпицентр координаттары - 44.54 с.ш. 81.44 в.д. Тереңдігі -  10 шақырым.

Сезілуі жөніндегі мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша): Талдықорған қаласы, Райымбек ауданының Шалкөде елдімекені, Кеген ауданының Ұзынбұлақ ауылы және Панфилов ауданына қарасты Қоңыр өлең ауылының тұрғындарына 2-3 баллдық дүмпу сезілген.  

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.