Алматы облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізу үшін 318 екпе кабинеті іске қосылған. Сонымен қатар 76 жылжымалы пункт бар. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасын алғандар саны – 842 433, бұл тиісті контингенттің 70%-ы. Екінші дозасын алғандар, яғни вакциналаудың толық курсынан өткен тұрғындар саны- 768 160 адам, тиісті контингенттің 64%-ы.
«Қазіргі уақытта облыста Гам-КОВИД-Вак (Спутник V), Qaz Covid-in, Sinopharm Vero Cell секілді вакцинаның 3 түрі қолданылуда. Одан бөлек Алматы облысында 15 қарашадан бастап жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация басталды. Жалпы облысқа Comirnaty (Pfizer ) вакцинасының 46 800 дозасы келді. Бүгінгі күні вакцина алған тұрғындар саны – 240 адам, оның ішінде 215-і жасөспірім бала, 3 жүкті және 22 лактация кезіндегі әйел»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Облыстағы мектептерде 338 және медицина ұйымдарында 272 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр.