Алматы облысында 29 жастағы ер адам құлаған үй қабырғасының астында қалды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысында 29 жастағы ер адам құлаған үй қабырғасының астында қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 25 желтоқсан күні Алматы облысының Айтей кентіндегі жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстарын өткізу кезінде үйдің қабырғасы 29 жастағы ер адамның үстіне құлады.

Алған жарақаттардан ол оқиға орнында мерт болды.