«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С. Күзембаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - делінген хабарламада.
С. Күзембаев аудан аумағында орналасқан 4 жер телімін ұсынғаны үшін 3,6 млн теңге көлемінде пара алған. Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Іле аудандық сотының үкімімен С. Күзембаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-әкім жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.