Алматы облысында 3,6 мың жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 12 жастан асқан тұрғындарды короновирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 9 ақпанындағы жағдайы бойынша облыста бірінші компонентпен 1 048 360 адам егілді. Оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 72292, жүкті әйелдер – 3602 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 12481», - делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 178 325 адам ревакцинация курсынан өтті.

Облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізу үшін 318 егу кабинеті ашылды. 76 жылжымалы пункт жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта облыста «Pfizer» компаниясының «Комирнати», сондай-ақ «Sinopharm Vero Cell», «Qaz Covid-in», «Гам-КОВИД-ВАК (»Спутник V«) препараттары қолданылуда.

»Вакцинацияға рұқсат алу үшін тіркелген жеріңіз бойынша өзіңіздің учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Немесе eGov.kz порталында, болмаса eGov mobile қосымшасы арқылы электрондық өтінімді жіберу арқылы алдын ала өтініш қалдыруға болады. Жасөспірімдерге вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

Вакцинация-пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі«, - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.