Жергілікті тұрғындардың үйіне күтуші болып жұмысқа орналасқан келіншек үш жасар баламен жалғыз қалған кезде оған айғайлаған, ұрып-соққан. Ол туралы баланың әке-шешесі үйге орнатылған бейнебақылау камерасынан білген.
«Айыпталушы өз айыбын мойындады. Ол сот шешімімен ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағына («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері») сәйкес, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген үкімде.
Облыстық сот өкілдерінің айтуынша, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.