Алматы облысында 3 жылыжай өртеніп кетті
19:35, 23 Наурыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш жылыжай өртеніп кетті. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, бүгін сағат 15-14-те өртке қарсы қызметтіңпультіне Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйтерек ауылдық округінде құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Н.Нұрахметтің дерегінше, өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД жеке құрамының 7 маманы 1 техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.