Алматы облысында 30 «бірқолды бандылар» ұсталды
12:53, 12 Қазан 2012
ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағы полицияның алдын алу жасағының жеделшілері Көксу және Талғар аудандарында заңсыз жұмыс істеп келген екі ойын залын жапты.
Екі факті бойынша материалдарды жинау кезінде полицейлер 30 ойын автоматтарын алып, оларды сот-техникалық сараптамаға жіберді. Алдын ала тергеу материалдарында күдікті тұлғалар ретінде Еңбекшіқазақ ауданының 22 жастағы, Үштөбенің 27 жастағы екі тұрғыны, әйел мен ер адам танылды. Олар ойын-сауық залдарында әкімшілер болып жұмыс істеген. Полицейлер ойын ғимараттарында ұтыстар ақшалай берілгендігін анықтады.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.