Алматы облысында 32 адам тамақпен уланып ауруханаға түсті

АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Алматы облысында тамақпен улану диагнозымен 32 адам ауруханаға жеткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, қарашаның 10-ы күні Ұйғыр ауданында аудандық ауруханаға «тамақпен токсикологиялық улану» диагнозымен 32 адам жеткізілген: Шонжы ауылынан - 10 адам, Үлкен Ақсудан - 15, Шошанайдан - 4 және Қыңғысайдан - 3 адам.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес "адамдар торт жеп уланған".
Қазір науқастардың жағдайы орташа. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы күдікті өнімнен сынама алып, санитарлық-микробиологиялық тексеру жүргізуде. Санитарлық қадағалау қызметтері алдын алу іс-шараларын өткізіп жатыр.