«19 қазанда ауруханаға іші ауырып бес оқушы түскен. Оларға барлық медициналық көмек көрсетілді. Осы жайттан кейін 22 оқушының анализі алынды. Оның қорытындысына сәйкес, улану фактісі расталған жоқ», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Айта кету керек, әлеуметтік желіде Алакөл ауданына қарасты Достық ауылында 35 оқушының уланғандығы жөнінде ақпарат тараған болатын. Аталған жайт расталмады.