ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полиция із-түзсіз кеткен 36 жастағы әйелді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы облысы полициясы 1983 жылы туған Сүйкімбаева Самал Бақытбекқызына іздеу жариялайды. Ол 7 сәуір күні Жамбыл ауданы Қызыл әскер ауылындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған» делінген аймақ полициясы таратқан мәліметте.
Ұшты-күйлі жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, мына телефондарға хабарласуға болады: 8 727 702 26 02, 8 707 338 78 78, 8 747 765 99 84 немесе 102.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.