Алматы облысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды - ҚР ТЖМ

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің мәліметтерінше, 2012 жылдың 6 маусымында сағат 13:26-да жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жерде орналасқан. Жаркент қаласында 3-4 балдық күші бар дүмпулер сезілді.

Қаза тапқандар мен қиратулар туралы мәліметтер түскен жоқ.