Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология депарртаментімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңдылыққа талдау жүргізді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ геопорталы арқылы облыс аумағында 351 стихиялық қоқыс орындары анықталды, атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданы – 61, Іле ауданы – 91, Қарасай ауданы – 56, Талғар ауданы – 33, Қонаев қаласы-85. 247 жабайы қоқыс орны жойылды, 104 қоқыс орны әлі бар.
Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, жабайы қоқыс жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан пайда болған. Соның салдарынан топырақтың атмосфералық ауаның ластануы, санитарлық жағдайдың нашарлауы мүмкін. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған сындар дәлел бола алады.
15:28, 27 Желтоқсан 2022
Алматы облысында 4 аудан, 1 қаланың әкіміне айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласы әкімдіктерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.