Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары сәбиді тыныштандырып, аудандық полиция бөліміне алып келген. Ол жерде оны шаймен, тортпен тамақтандырып, артынша ата-анасын іздестіруді ұйымдастырған.
Баланың отбасы Ұзынағаш ауылының шетінде тұратыны анықталды.
«Нәтижесінде біз баланың 29 жастағы анасын таптық. Төрт жасар бала велосипед теуіп жүріп, ата-анасынан алысқа кетіп қалғаны анықталды. Бала үйінің орналасқан жері мен ата-анасының есімдері туралы еш нәрсе айта алмады. Дегенмен, патрульдік полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтады. Бұл орайда, ұлын іздестіре бастаған ана да сәбиі мен біздің қызметкерлерімізді көріп, қатты қуанды»,- дейді Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Тегенбаев.