Алматы облысында 40 балаға арналған «Сенім» оңалту орталығы ашылды
Орталықтың ашылу салтанатына арнайы «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы келді.
Бұндай орталық жалпы Жетісу жерінде 11 болса оның 4-мемлекеттік мекеме.
Орталықта заманауи арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған 22 кабинет, 55 жоғары білікті маман қызмет етуде.
Сонымен қатар, бұл мекемеге балаларды тасымалдауға арналған арнай жаңа авто көлік бөлінген.
Мұнда 8 бағытта қызмет көрсетіледі.
Атап айтсақ әлеуметтік-мәдениет, әлеуметтік-экономика, әлеуметтік-психология, әлеуметтік-медецина, әлеуметтік-құқық салалалар бойынша көмек берілмек.
Бұдан бөлек нысан ауласы аббаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңқайлары да бар.
«Бұндай орталықтарды мейлінше көптеп ашқан жөн. Ерекше күтімді талап ететін балаларды үйде ұстамау керек. Баланы арнайы білікті мамадарға апару арқылы қандайда бір жетістіктерге жетуге болады. Сарқан ауданында ашылып отырған орталықтың ерекшелігі, бұл жерде балаларды таңнан кешке дейін қалдыруға болады. Сондай-ақ, алыс шалғай ауылдардан қатынайтындар ата-анаға осы орталықта 6 айға дейін қалып, ем қабылдауына болады», - дейді басқарма басшысы Маржан Мұратқызы.
«Мен осы оңалту орталығының қаламызда ашылғанына өте қуаныштымын. Осы орталыққа 11 жастағы немеремді әкелдім жаман емес бәрі ұнайды. Жыл сайын елордаға оңалтуға баратын едік. Енді ешқайда сабылмай осы орталықтың мамандарына жүгінбекшімін, енді баламнан оң өзгерістер күтемін», - дейі қала тұрғыны Нұрмұхамедқызы Сәулет.
Айта кетейік, ескі нысанды күделі жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін 27 млн.теңге қаражат жұмсалған.