Алматы облысында 40-тан астам елді мекенді су басу қаупі бар
00:14, 03 Наурыз 2022
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 40-тан астам елді мекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің таулы аймақтарында жауған қар қалыңдығы 55 сантиметрге жеткен. Ал еңісте 5-10 сантиметр ғана. Алдағы тәуліктерде ауа райы күрт жылып, қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.
«Бұл өз кезегінде ауылдарда еріген қар мен жауған жаңбыр суының жиналуына себепші болуы мүмкін», - дейді мамандар.
Сондай-ақ жауын-шашын салдарынан өзендер деңгейі көтеріліп, таулы аймақта жылым жүруі ықтимал.
Төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарға арықтарды тазалап, суағарларын ретке келтіруге кеңес береді.
Облыс аумағында «Көктем-2022» оқу жаттығулары басталды.