Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің таулы аймақтарында жауған қар қалыңдығы 55 сантиметрге жеткен. Ал еңісте 5-10 сантиметр ғана. Алдағы тәуліктерде ауа райы күрт жылып, қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.
«Бұл өз кезегінде ауылдарда еріген қар мен жауған жаңбыр суының жиналуына себепші болуы мүмкін», - дейді мамандар.
Сондай-ақ жауын-шашын салдарынан өзендер деңгейі көтеріліп, таулы аймақта жылым жүруі ықтимал.
Төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарға арықтарды тазалап, суағарларын ретке келтіруге кеңес береді.
Облыс аумағында «Көктем-2022» оқу жаттығулары басталды.