Алматы облысында 49 нысанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту және салу жұмыстары жүргізіледі
08:40, 19 Қыркүйек 2011
ЛДЫҚОРҒАН. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы ауқымында ағымдағы жылы 49 нысанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту және салу көзделіп отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл мақсатқа 6,1 млрд. теңге бөлінген. Жыл басынан бері 4,0 млрд. теңгенің жұмысы атқарылды.
Республикалық бюджет қаражаттары есебінен облыстың 10 елді мекенін ауызсумен қамту үшін Талғар топтық су құбыры жүйесін жаңғыртуға және салуға 1,7 млрд. теңге жұмсалмақ.