Алматы облысында 5 күн бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында бес күн бұрын жоғалған 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні Қарасай ауданының полицейлерінеАлматы қаласының 33 жастағы тұрғыны арызданған. Ол Алматы облысындағы елді-мекендердің біріне кеткен жұбайының қайтыпоралмағанын айтқан. Ал жоғалған адам Алматыдағы құрылыс компанияларыныңбірінде жұмыс істеген.

«Іздестіруіс-шаралары барысында Қарасай аудандық полиция қызметкерлері ауқымды жұмыстаржүргізді. Жоғалудың барлық мәліметтерін анықтап, көшедегі бейнебақылаукамераларын қарап шығып, оны іздеуге көмек көрсете алатын куәгерлерді іздеп,жауап алды. Нәтижесінде екі адам ұсталды. Олар жоғалған адамның әріптестері болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды»,-деді департаментініңбаспасөз қызметінен.

Хабар-ошарсызкеткен ер адам қинап өлтірілген. Мүрдесінтәртіп сақшылары Алматы қаласынан 100 шақырым қашықтық жерден тапты.

Сондай-ақ, қылмысжасалған орын мен жәбірленушінің денесі жеткізілген көлік те анықталды.

«Мүрдені қайдажасырғанын күдіктілердің бірі көрсеткен.Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқадейінгі тергеу басталды» - деп толықтырды облыстық полиция.

Соңғы жаңалықтар