Алматы облысында 5 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңы салынып жатыр
«Кәсіпорын шұжық, сүйек ұны, бұқтырылған ет, ысталған ет өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Нәтижесінде, 2022 жылдан бастап экспорт көлемін 2,5 есеге арттыруға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бұл компания Суықсай ауылында алмабақ өсіру, көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта аталған ауылдарда жалпы 218 гектар жер берілді. Жалпы жоба құны - 1 млрд 800 млн теңге», - дейді Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов.
Аудан әкімінің айтуынша, Көшкентал, Көлтабан, Сағакүрес ауылдарында жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Қазір үш білім беру мекемесінің жобалық-сметалық құжатына 30 млн теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ, Қапал, Ақсу, Ақын Сара ауылдарындағы мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 73 млн теңге бөлінген.