«Өткен жылы 2395 отбасы баспанамен қамтылды. Оның 1258-і көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен жанұя. Олардың ішінде 180 отбасы меценаттардың қолдауымен үйлі болды. Биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 191 мың шаршы метр баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолға алынады. Сондай-ақ, 1390 пәтерлік 37 коммерциялық үй салынады. 3731 отбасы баспаналы болады», - деді Амандық Баталов.
Биыл 3731 отбасы баспаналы болатынын мәлім еткен өңір басшысы, оның ішінде 1906 адам «Бақытты отбасы», «7-20-25», «Шаңырак» бағдарламалары арқылы жаңа үй алатынын атап өтті.
«Баспана кезегінде тұрған халықтың саны көп болғандықтан құрылыс қарқынын үдету керек», - деді Алматы облысының әкімі.