Өңірде ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда. Мәселен, Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылдық округінде 13 шаруа «Албекова» қожалығы негізінде кооператив құрды. 1000 гектарға жуық егіс алқабы мен 510 гектар жайылым біріктірілді.
«Мұнан бөлек етті және сүтті бағыттағы ірі қара бір қораға қамалды. Кооператив мүшелерінің мүмкіндіктері еселене түсті. 13 қожалық біріктік. Мал, жер, техника ортақ. Жұмысты бірге істеп, жемісін бірге көреміз», дейді шаруа қожалығының басқарушысы Әмірден Қадыров.
Елдегі ірілендіру саясатына Елбасының биылғы Жолдауында да ерекше мән берілген. Президент тапсырмасын шалғай ауылдардағы ел-жұрт бір ауыздан қолдап, жүзеге асыруға атсалыспақ.