Өңір басшысы биылғы жылдың өзінде аз қамтылған және көпбалалы 600-ден астам отбасыны баспанамен қамту жоспары барын айтты.
Өзгерістерге сәйкес, басымдық төтенше жағдайлардың алдын алу, білім, денсаулық, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация сияқты салаларға беріледі. Әсіресе, әлеуметтік салаға бағытталған шараларды ерекше атап өтуге болады.
Атап айтқанда, қомақты қаржы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жалғызілікті зейнеткерлер үшін қажетті көмектерды көрсетуге бағытталмақ.