Бұл жөнінде облыстың санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов Талдықорғанда өткен брифинг барысында мәлім етті.
«Алматы облысында 623 адам коронавирусқа байланысты оқшауланған. 163-і стационарлық, 460-і үй карантинінде», - деді Қайрат Баймұхамбетов.
Айта кетейік, Алматы облысында коронавирусты 8 адам жұқтырған (30 наурызда сағат 18:50-дегі жағдай бойынша). Оның ішінде бір науқастың аяғы ауыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, қажетті ем-шаралары жасалып жатыр.
Ал инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынған.