Алматы облысы аумағында тәртіп сақшылары заң бұзғыш жаяу жүргіншілермен күресуді бастап кетті. Өйткені көлік апаттарының басым бөлігінде жаяу жүргінші басты себепкер.
Биыл өңірде 105 көлік оқиғасында жаяу жүргіншілер кінәлі болған. Сондай-ақ әртүрлі ереже бұзған 7 мыңға жуық азамат жауапқа тартылды. Ал 2,5 мың көлік жүргізушісіне жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жаза қолданылды. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше жаяу жүргіншіні қаққан 400 оқиға тіркеліп, ол жерде 80 адам қаза тапқан. Сондықтан облыс полицейлері бұл бағыттағы жұмысын күшейтіп, рейдтік шараларды жиі ұйымдастырмақ.