ТЖД баспаөз қызметінің хабарлауынша, ұйытқыған күшті жел салдарынан мұз бөлініп, балық аулап жүрген адамдарды жағадан 25 метр жерге алып кеткен.
Құтқарушылар оқыс оқиға болған жерге жедел жетіп, үш моторлы қайықпен небәрі бір сағаттың ішінде балықшыларды түгел жағаға шығарды. Олардың ішінде зардап шеккендері жоқ.