Бейсенбі, 20 қыркүйек күні Алматы облысы Сарқан ауданының аумағында далалы алқап өртене бастады. Жалын шарпыған жалпы аумақ 750 гектарды құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 15 адамы мен 2 техникасы, ауылдық округтердің 400 адамы мен 21 техникасы, «Қазавиаорманқорғаудың» 1 тікұшағы жұмылдырылды.