Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына Жетіген ауылының 79 жастағы тұрғыны келіп түскен.
Жауап алу барысында егде жастағы азаматша жалғыз тұратынын, құлап қалып, денесіндегі жарақат содан болғанын айтқан. Сонымен қатар, арыз беруден, сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.
Аталған дерек ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары танысын күректің сабымен ұрғанын мойындаған Жетіген ауылының 70 жастағы тұрғынын анықтады. Айғақ зат қылмыс құралы ретінде сараптамаға жіберілді.Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Істің мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болады.
Тергеу жалғасуда.