Тілсіз жау Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы селолық округінің «Ұзынқарғалы» шатқалы аумағын шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұзынқарғалы» шатқалы аумағында құрғақ шөптің өртеніп жатқандығы жөнінде ақпарат облыстық ТЖД-не 23-ші тамыз күні сағат 14:42 де түскен. Ал, қызыл жалын 24-ші тамыз күні кешкі сағат 17:18 де сөндірілді. Дала өртін ауыздықтауға төтеншеліктер, әскерилер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.
Жалпы жыл басынан бері Алматы облысында 9 дала өрті тіркелген. Төтеншеліктер, тұрғындарға табиғат аясына шыққанда өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.