Аталған дерек 10 қараша күні Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында тіркелген.
«Кейуананы тонаған күдіктіні Талғар ауданының полицейлері ұстады. Күдікті сол Қарабұлақ ауылында еш жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Зардап шеккен адам күдіктіні таныды. Өкінішке орай, тоналған ақша табылмады. Қазір осы фактіге орай ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша сот-алды тергеу басталды»,-деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған ведомствоның айтуынша, күдікті қолхатпен үйіне жіберілген.