Алматы облысында 880 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 30 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында 5 жағдай, Алакөл және Жамбыл аудандарында 4 жағдайдан, Қапшағай қаласында – 3, Панфилов, Сарқан, Талғар және Ұйғыр аудандарында 2 жағдайдан, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Кербұлақ және Көксу аудандарында бір жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 48 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«9 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 593 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 48 адам түсті. Өңір ауруханаларындағы төсек-орын – 1790. Төсек-орын жүктемесі – 33,1 %. Соңғы үш күнде 6799 адамның коронавирусқа сынамасы зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны – 880 820. Ал екінші компонентті 802 811 тұрғын салдырды.