«Баланың өзі белгісіз затты жұтып қойғанын түсіндірген. Бұйым оның асқазанында 11 күн бойы жүрді. Ең бастысы ота сәтті жүзеге асты. Баланың жағдайы жақсы», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Ведомство өкілінің мәліметінше, дәл осы Іле аудандық ауруханасының дәрігерлері екі ай бұрын 8 жастағы баланың ішінен 1,5 келі шаш алған.