Жол-көлік оқиғасы Талғар қаласында 31-ші қазанда тіркелді. Қала көшелерінің бірінде белгісіз көлік жолды жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан 50 жастағы азаматшаны қағып кеткен. Көлік жүргізушісі алғашқы көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан ізін суытқан.
Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері көліктің маркасын анықтап, иесін қолға түсірді. Соталды тергеу жұмыстары Талғар ІІБ мамандарының өндірісінде. Тергеу аяқталғанша көлік айып тұрағына қойылып, күдіктіге ешқайда кетпеу міндеттелді.