Алматы облысында әлеуметтік дүкендердің саны күн санап артып келеді
10:55, 09 Сәуір 2012
ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысында әлеуметтік дүкендердің саны 20-ға дейін өсті.
«ЖетісуАгроСауда» ЖШС-нің аймақтық ресми өкілі Мәрлен Көлбаев мәлім еткендей, тек Талдықорғанның өзінде ғана 8 дүкен жұмыс істейді.
«Сатып алушы әрдайым азық-түліктің 30-дан астам түрін сөреден таба алады. Атап айтқанда, жармадан бастап макорон өнімдері, көкөніске дейін бар. «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-нің әлеуметтік дүкеніне келушілер көп, бұл жерде азық-түлік базар бағасынан 15-20 пайызға төмен, деп атап өтті М. Көлбаев.
Оған қоса, қалада «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-не тиесілі екі автодүкен жұмыс істейді. Көшпелі сауда нүктелері үнемі әлеуметтік жәрмеңкелерге қатысып тұрады, бұндай әлеуметтік дүкендер облыс тұрғындарының арасында кеңінен танымал.