Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыс 7 қараша күні түнде орын алды. Күзетші мен оның әйелі қылмыскерлер тонаушылықпен айналысып жатқан жерінде үстерінен түсті. Осы кезде қылмыскерлер екі бейбаққа бірнеше жерден пышақ салған еді.
Шабуыл нәтижесінде күзетші оқиға орнында қаза тауып, оның әйелі аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның айтуы бойынша, қылмыскерлердің портреті салынып, осы дәлел арқылы олар құрықталды.