Мәселен, 2019 жылы «Pure Pack» ЖШС-ні су құбырымен және электр желілерімен жабдықтауға шамамен 400 млн теңге бөлінді. Аталған жұмыстар бойынша Алматы облысының Кәсіпкерлік басқармасы жеткізуші ретінде «Монолит» ЖШС белгіледі. Ол 2021 жылдың маусым айында жұмысын бастады және оны сол жылдың қазан айында аяқтауы тиіс еді.
Алайда, әртүрлі себепке байланысты тараптар аяқталу мерзімін бірнеше рет кейінге қалдырған.
Мәлім етілгендей, салдарынан зауыттың алкогольсіз өнім шығару қызметі шектелді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының құрылуына, өңір бюджетіне салықтың түсуіне кері әсер етті.
Осыған байланысты, биылғы қаңтар айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық мүдделі тараптың қатысуымен жедел кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша өнім беруші мен тапсырыс берушінің жұмысы жанданды.
Бүгінгі таңда зауыт аумағында трансформаторлық қосалқы станциялар, су сорғылары және кәріз-сорғы станциялары орнатылған. Оларды іске қосу бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Зауытта жергілікті халықтың 70-тен астамы жұмысқа орналастырылған.
Жақын арада зауыт өндіріс конвейерін толығымен іске қоса алады.
«Биылғы жыл басынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет»Бизнес жол«кәсіпкерлер құқығын қорғау жобасын іске асыруда. Негізгі мақсат қылмыстық істерді қозғау емес, бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу, кәсіпкерлердің құқығы мен мүдделерін қалпына келтіру.
Бұл өз кезегінде, қолайлы инвестициялық ахуалды, жаңа жұмыс орындарын құру және салық түсімдерін арттыру сияқты ел үшін көбірек пайда әкеледі»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.