Алматы облысында «Арқанкерген» шекара қосынындағы қорықшы Руслан Кимнің өлтірілуі фактісімен қылмыстық іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 маусым. ҚазАқпарат - Адам денелерінің қалдықтарының анықталуы, сондай-ақ «Арқанкерген» шекара қосынынан 150 метр жерде қорықшы Руслан Кимнің мүрдесі табылуы фактілері бойынша Талдықорған гарнизонының прокуратурасы ҚР ҚК-нің

96 бабындағы 2 бөлімінің «а» пункті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2012 жылғы мамырдың 28-нен 29-на қараған түні болды. 14 адамның өртенген мүрделері, сондай-ақ басына және денесіне оқ тиген «Тас Тау» аңшылығының қорықшысы Руслан Кимнің мүрдесін жедел топтың шекарашылары анықтады. Шекарашылар олармен 2012 жылғы 28 мамырда байланысқа шықпаған еді.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.